×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Түркиядағы зілзала Армениядағыдан әлдеқайда күштірек болған

06.02.2023, 20:57
Түркиядағы зілзала Армениядағыдан әлдеқайда күштірек болған
Ашық дереккөз

Түркиядағы алапат зілзаладан кейін 10-нан астам жер сілкінісі (афтершок) тіркелді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

РҒА институтының директоры Петр Шебалин Түркиядағы төтенше оқиға 1988 жылы Арменияның Спитак қаласында орын алған зілзаладан әлдеқайда күшті болғанын мәлімдеді.

"Шамамен 6 балдық жер сілкінісі Түркияда бірнеше күн бойы қайталанады", - деп РИА Новости Шебалиннің сөзін келтіреді.

Түркияда қазірдің өзінде 3 мыңға жуық ғимарат қирағаны белгілі.

"Қазіргі уақытта қаза тапқандар саны - 1 014. 2 824 ғимарат қирады", - деді Төтенше жағдайлар басқармасының (AFAD) басшысы Юнус Сезер.

Таңертең ерте Кахраманмараш провинциясында 7,7 балдық жер сілкінісі болды. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның айтуынша, бұл - 1939 жылдан бергі елде орын алған ең ірі апат.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға шұғыл көмектесуді тапсырып, онда қазақстандық құтқарушыларды аттандарды.

6 ақпанда таңертең Түркияда бірнеше күшті жер сілкінісі болды.

7,8 балдық тағы бір күшті жер сілкінісі кейінірек Түркияның орталық бөлігінде тіркелді.