×
485.95
565.74
6.83
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
485.95
565.74
6.83

Интим видеосы таралып кеткен бойжеткен үндеу жасады

Интим видеосы таралып кеткен бойжеткен үндеу жасады
ашық дереккөз

Әлеуметтік желіде бойжеткеннің жеке видеосы қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ

Әлеуметтік желілерде қазақстандық қыздың жеке сипаттағы видеосы тарап кеткені туралы ақпарат кеңінен талқыланып жатыр.

ТикТок платформасында жарияланған видеода өзін Дина деп таныстырған қыз интернетте өзінің интимдік сипаттағы бейнематериалдарының таралып кеткенін айтып, жұртшылыққа үндеу жасады.

Ол аталған видеолардың көпшілікке арналмағанын және өзінің жеке өміріне қатысты материалдар екенін жеткізіп, пайдаланушылардан оларды әрі қарай таратпауды сұрады.

ЗАҢ НЕ ДЕЙДІ?

Интернетте менің жеке видеоларым тарап кетті. Өтінемін, достарым мен таныстарым, бұл материалдарды таратпаңыздар. Ол контент үшін түсірілмеген, бұл – менің жеке өмірім. Қазіргі уақытта заңгерлерім мен адвокаттарым осы видеоларды заңсыз таратқан адамдарға қатысты шара қолдану мәселесімен айналысып жатыр. Сіздерден түсіністік пен қолдау сұраймын, – деді ол.

Оқиға әлеуметтік желі қолданушылары арасында түрлі пікір туғызды. Бірі қызға қолдау білдірсе, енді бірі жеке өмірге қол сұғу мәселесін көтерді.

Қазақстан заңнамасына сәйкес, адамның келісімінсіз оның жеке немесе интимдік сипаттағы фото және видеоматериалдарын тарату заңмен жауапкершілікке әкелуі мүмкін.

Серіктес жаңалықтары