×
485.95
565.74
6.83
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
485.95
565.74
6.83

Прага мен Венгриядан жеткізілген керқұландар табиғатқа жіберілді (ФОТО)

Прага мен Венгриядан жеткізілген керқұландар табиғатқа жіберілді (ФОТО)
Фото: дереккөз

Шет елдерден Қазақстанға жеткізілген керқұландардың (кертағының) бір тобы табиғатқа жіберілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЖАНУАРЛАР БЕЙІМДЕЛУ КЕЗЕҢІНЕН ӨТКЕН

 

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, айғыр Галван Қазақстанға Прага қаласынан, ал төрт бие Венгриядағы Хортобадь ұлттық паркінен жеткізілген.

Бір жыл бойы жануарлар мамандар мен ветеринарлардың тұрақты бақылауымен реинтродукция орталығының кең қашаларында бейімделу кезеңінен өткен.

Осы уақыт ішінде керқұландар жаңа табиғи-климаттық жағдайларға сәтті бейімделіп, қысты аман өткізіп, даладағы дербес тіршілікке дайындалған.

GPS-ҚАРҒЫБАУЫ ТАҒЫЛҒАН

Табиғатқа жіберер алдында Галван айғырына GPS-қарғыбауы тағылды. Ол үйірдің қозғалысын бақылауға және жануарлардың табиғи ортадағы мінез-құлқы туралы маңызды ақпарат алуға мүмкіндік береді.

Табиғатқа жіберілгеннен кейін Галван бастаған төрт биеден тұратын үйір "Алтын Дала" мемлекеттік табиғи резерватының аумағын игере бастады. Мамандардың бақылауы бойынша жануарлардың жағдайы жақсы, олар жаңа жайылымдар мен суаттарды белсенді түрде зерттеуде, - делінген хабарламада.

Министрлік өкілдері керқұландарды табиғатқа жіберу осы сирек түрді тарихи мекендеу ортасына қайтару және Қазақстандағы табиғи популяциясын қалпына келтіру бағдарламасы аясында іске асқанын атап өтті.

Айта кетейік, Алматы хайуанаттар бағында үш кішкентай жолбарыс туғаны хабарланған. Үш күшік те еркек. Зообақ өкілдері әлеуметтік желіде шөнжіктерге ат таңдау үшін оқырманнан көмек сұраған болатын.

Серіктес жаңалықтары