Продюсер Баян Алагөзоваға қатысты буллинг жасалды деген тақырып әлеуметтік желіде кеңінен талқылануда. Желі қолданушылары бұл жағдайға әртүрлі көзқарас білдіріп, пікір екіге бөлінді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ЖЕЛІ ҚОЛДАНУШЫЛАРЫНЫҢ СЫНЫ
Treads қолданушыларының бірі өз жазбасында ересек адамдардың біреуге қысым көрсетіп, оны «травляға» ұшыратуын сынға алған.
Өте өкінішті жағдай. Ересек адамдардың бір адамды травляға ұшыратуы дұрыс емес. Мен Мөлдірді ақтамаймын, бірақ Баян да періште емес. Некеде тұрған кезде болған опасыздық – бұл да сатқындық. Бұл оның өзі сұхбаттарында айтатын жағдайлармен пара-пар, – делінген жазбада.

БІРЖАҚТЫ ҚОЛДАУ, ЖАҒЫМПАЗДАНУ
Автор сонымен қатар қоғамда екіжақты стандарт бар екенін айтып, адамдардың өзгенің кемшілігін тез байқап, өз әрекеттерін ескермей қалатынын атап өткен.
Неге екені белгісіз, адамдар басқаның көзіндегі қоқысты көреді, ал өз көзіндегі бөренені байқамайды, – деп жазған ол.

Жазбада сондай-ақ кейбір блогерлердің бір тарапты ғана қолдап, екінші тарапқа қатысты әділетсіз ұстаным танытып отырғаны да сынға алынған.
Ең таңқаларлығы, көптеген блогер біржақты ғана қолдап, ашық түрде жағымпазданып жатыр, – делінген пікірде.
Осылайша, Баян Алагөзоваға қатысты жағдай қоғамда тек бір адамға бағытталған сын ғана емес, жалпы буллинг, моральдық жауапкершілік және медиа этика мәселесін де қайта көтерді.
Еске сала кетсек, бұған дейін “KeshYOU” тобының әншісі Мөлдір Әуелбекова топтың 20 жылдығына байланысты өткен концертке барудан бас тартқан болатын. Дегенмен ол продюсер Баян Алагөзованы сұхбаттарында “ұстазым” деп бірнеше рет атап көрсетіп жүр. Видеодан көргендеріңіздей, бұрынғы визажист, бүгінде блогер атанған Нұрлан Әлімходжаев концертке алдына “Моля, не нервируй меня” және артына “Ұстазым” деген жазуы бар футболка киіп келген. Әрі дәл сондмай футболканы Баян Мақсатқызына сыйлайды. Мұны көрген продюсер Мөлдір Әуелбекованың дауыс мәнеріне салып, “Сен менің ұстазымсың” деп айтып, қарқылдап күледі. Алагөзованың жанында тұрғандар да күлкіге қосылады.
«НЕ НЕРВИРУЙ МЕНЯ, МОЛЯ!»
Екі арадағы жанжал Мөлдір Әуелбекованың мамыр айында өткен топтың мерейтойлық кешіне қатысудан бас тартуынан басталған болатын. Әнші желіде өмірінің бұл парағын жапқанын мәлімдегеннен кейін, продюсер оны сатқындық жасады деп айыптап, деректі фильмде қатаң сынға алды.
Баян Алагөзова экс-солистің тележоба арқылы емес, тек өзінің продакшенінің арқасында танымал болғанын айтып, оның бұрынғы гастрольдерді болдырмау үшін ауырған немесе аяғын қайырып алған кейіп танытқанын жеткізді. Сонымен қатар ол Мөлдірдің мансабының басында әпкесі Бағым Мұхитденованың үйінде ұзақ уақыт тұрып, кейін оның ту сыртынан пышақ сұққанын алға тартты.
Продюсер көп жылдық құрметпен айтылған сөзді екіжүзділікке теңеп, өзін «Ұстазым» деп атамауды талап еткен. Дәл осы сөз бен «Моля, не нервируй меня!» тіркесі ғаламторда лезде мемге айналып кеткен еді.
ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ: «Дауыс жоқ!»: 20 жылдығын атап өткен «КешYOU» тобы сынға ұшырады
