Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай қазақстандық зейнеткерлердің зейнетақысы биыл тағы өсе ме деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Толығырақ
Журналистер Виктория Шегайдан 2026 жылғы инфляцияның өсуіне байланысты зейнетақыны индекстеле ме деп сұрады.
– Барлық зейнетақы төлемдері әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес жыл сайын индекстеледі. Бұл болжамда инфляция өсімінің орташа шекті деңгейі айқындалады. Ал жекелеген кезеңдерде және тек Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ғана қосымша индекстеу туралы шешім қабылданады, – деп түсіндірді ол Сенат кулуарында.
Виктория Шегайдың айтуынша, биыл мұндай тапсырмалар берілген жоқ, сондықтан қосымша индекстеу мәселесі қарастырылып жатқан жоқ.
Контекст
Еске сала кетейік, 2025 жылы жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 143 143 теңгені құрады. Оның ішінде ынтымақты зейнетақы – 95 549 теңге базалық зейнетақы – 47 594 теңге болады.