×
487.44
567.38
6.62
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
487.44
567.38
6.62

Қызылордада жоғалып кеткен алты жастағы қыздың денесі табылды

Қызылордада жоғалып кеткен алты жастағы қыздың денесі табылды
ашық дереккөз

Қызылордада бірнеше күн бойы іздестірілген 6 жастағы Медина Мұратбекқызы өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ

Алдын ала мәлімет бойынша, бүлдіршіннің денесі Әйтек су торабынан ағыс бойымен шамамен 30 шақырым қашықтықтағы аумақтан анықталған. Сондай-ақ ақпарат көздерінің хабарлауынша, қыздың мәйіті Сырдария өзенінен табылған.

Оқиға орнына барған құтқарушылар баланың денесін судан шығарып алды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

КОНТЕКСТ

Бұған дейін Қызылорда қаласында із-түзсіз жоғалған алты жастағы Медина Мұратбекқызын іздестіру жұмысы екі күннен бері нәтиже бермей жатқанын жазған едік.

Алдын ала мәлімет бойынша ол 5 маусым күні сағат 18:30 шамасында қаланың Рисмаш бөлігіндегі Сырдария өзенінің жағалауында орналасқан бөгет аумағына ойнауға шығып, содан бері үйіне оралмаған.

ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕДІ?

Полиция бүлдіршінге тән белгілерді жариялады. Бойы – 110–120 сантиметр, дене бітімі арық, шашы қара түсті, иығына дейін, көзі қоңыр. Үстінде ашық жасыл түсті гүлді футболка, ақ түсті шорты, көк түсті сүйретпе аяқ киім болған. Іздеу жұмысына полиция қызметкерлері, Ұлттық ұлан сарбаздары, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары, еріктілер, туыстары және жергілікті тұрғындар жұмылды. Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдар тарапынан қажетті көмек көрсетіліп жатыр. Іздестіру шараларына арнайы із кесуші иттер, дрондар мен сүңгуірлер тартылды. Жедел іздестіру топтары құрылып, қажетті іс-шараларды қолға алды, - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары