×
487.44
567.38
6.62
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
487.44
567.38
6.62

Шымкентте жасөспірім 12 метр құдыққа құлап кетті

Бүгін, 09:09
Шымкентте жасөспірім 12 метр құдыққа құлап кетті
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Шымкентте құтқарушылар терең құдыққа құлаған 14 жастағы жасөспірімді құтқарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Оқиға жеке тұрғын үйлердің бірінің аумағында болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, жасөспірім абайсызда тереңдігі шамамен 12 метр болатын бос құдыққа құлап кеткен.

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері жедел жетті. Арнайы құтқару құралдарын пайдалана отырып, олар жасөспірімді жоғары көтеріп, оны аман-есен жер бетіне шығарды.

Құтқарылғаннан кейін бала тексеруден өткізу және қажетті медициналық көмек көрсету үшін жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.

Серіктес жаңалықтары