×
487.17
565.65
6.72
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
487.17
565.65
6.72

Жетісуда көпбалалы ана күйеуін өлтірді деген күдікпен қамауға алынды

15.06.2026, 12:10
Жетісуда көпбалалы ана күйеуін өлтірді деген күдікпен қамауға алынды
Фото: Polisia.kz

Жетісу облысы Текелі қаласында 45 жастағы күйеуін өлтірді деген күдікпен көпбалалы ана қамауға алынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Өңірлік полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 10 маусымға қараған түні Текелі қаласындағы жекеменшік үйлердің бірінде болған.

– Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында өлімге әкелген жарақатты ерлі-зайыптылардың бірге спирттік ішімдік ішкен кезінде жұбайының салғаны анықталды. Оқиғаның барлық мән-жайын объективті түрде анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы бақылауда және прокуратура органдарымен келісім бойынша жүзеге асырылып жатыр, – деп хабарлады Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның ақпаратынша, сот санкциясымен күдікті қамауға алынған және қазіргі уақытта Талдықорған қаласындағы тергеу изоляторында отыр.

Бұл уақытта әлеуметтік желілерде күдіктіні қолдауға бағытталған жазбалар тарап жатыр. Пайдаланушылар әйелдің көпбалалы ана екенін және ұзақ уақыт бойы күйеуінен тұрмыстық зорлық-зомбылық көргенін алға тартады.

- Біз, оның көршілері, күйеуінің тарапынан болған тұрмыстық зорлық-зомбылықтың бірнеше рет куәсі болдық. Ол үнемі алкогольдік мас күйде үйге келіп, жанжал шығаратын, әйелін және балаларын қорлап, қол көтеретін. Үйден үнемі айқай, балалардың жылағаны және жанжал дыбыстары естілетін, - делінген «Немолчи» қозғалысына жолданған хатта.

Полиция бұл ақпараттың әзірге ресми түрде расталмағанын және тергеу барысында тексерілетінін атап өтті.

- Барлық қажетті тергеу шаралары аяқталғаннан кейін түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады, - деп хабарлады Жетісу облысының полиция департаменті.

Серіктес жаңалықтары