×
491.37
570.48
6.78
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
491.37
570.48
6.78

Алматы мен Астанада роботакси пайда болады

Бүгін, 10:31
Алматы мен Астанада роботакси пайда болады
Фото. Көлік министрлігі

Алматыда Yandex Qazaqstan компаниясының роботаксиі таныстырылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Көлік министрлігінің хабарлауынша, алдағы уақытта мұндай көліктер еліміздің ірі қалаларында пайда болуы мүмкін. 

Hyundai Sonata базасында жасалған пилотсыз такси үлгісі Көлік вице-министрі Дамир Қожахметовке көрсетілді. Таныстырылым интеллектуалды көлік жүйелерін дамыту және Қазақстанда автономды көліктерді енгізу мүмкіндігін зерттеу аясында өтті.

Жоба кезең-кезеңімен енгізіледі. Алдымен роботаксилер шектеулі аумақта пилоттық режимде жұмыс істейді. Бұл технологияны нақты қала жағдайында сынақтан өткізуге мүмкіндік береді. Компания тарапынан тәулік бойы диспетчерлік байланыс және барлық сапарларды сақтандыру қарастырылған.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, пилотсыз көліктерді заңды түрде қолдануға мүмкіндік беретін нормативтік-құқықтық өзгерістер әзірленіп жатыр. Түзетулер роботаксиді пайдалану тәртібін, мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін және қажетті құқықтық негізді айқындауға бағытталған.

“Пилоттық жобаларды іске асыру үшін цифрлық инфрақұрылымы дамыған және интеллектуалды көлік жүйелерінің қажетті элементтері бар Алматы мен Астана қалалары ең перспективалы алаңдар ретінде қарастырылуда. Роботаксиді енгізу барлық қауіпсіздік талаптарын міндетті түрде сақтай отырып, кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады”, – делінген хабарламада. 

Көлік министрлігі үздік халықаралық тәжірибелерді ескере отырып, заманауи көлік технологияларын енгізу бағытында жұмысты жалғастырады.

Серіктес жаңалықтары