×
487.17
565.65
6.72
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
487.17
565.65
6.72

Діни көзқарас пен жыныстық сипаты әскерден босатуға себеп бола ма?

Бүгін, 16:35
Діни көзқарас пен жыныстық сипаты әскерден босатуға себеп бола ма?
Ulysmedia.kz коллажы

Қорғаныс министрінің орынбасары Асқар Мұстабеков Мәжіліс кулуарында мерзімді әскери қызметтен босатуға жыныстық бағдар немесе діни сенім негіз бола ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Толығырақ

Журналистер шақырылушының өзінің дәстүрлі емес жыныстық бағдарын жариялауы оны мерзімді әскери қызметтен босатуға немесе Қарулы Күштер қатарына шақырмауға негіз бола ала ма деп сұрады.

Сондай-ақ олар мұндай әскери қызметшілер үшін арнайы қызмет өткеру шарттары қарастырылған-қарастырылмағанын және медициналық тексеру немесе басқа рәсімдер кезінде не мақсатпен мұндай сұрақтар қойылатынын сұрады.

«Жоқ, біздің заңда ондай норма жоқ. Мұндай жағдайлар да әлі болған жоқ. Біріншіден. Екіншіден, менің ойымша, бізде гендерлік саясат бойынша, ЛГБТ бойынша, заң жүзінде тыйым бар», – деді Асқар Мұстабеков.

Сондай-ақ БАҚ өкілдері діни наным-сенімге байланысты әскери қызметтен бас тарту шақырудан босатуға негіз бола ма және мұндай жағдайларда заңнамада қандай шаралар қарастырылғанын нақтылады.

«Заң бойынша ондай норма жоқ, яғни діни себептерге байланысты оған қызмет етуден бас тарту қарастырылмаған. Егер ондай ережелер болса... Бізде кез келген адам келіп: “Мен діни ұстанымдамын, қызмет ете алмаймын” деп, әскерден жалтарып кете алатын еді», – деді ол.

Серіктес жаңалықтары