АҚШ Қаржы министрлігі Сбербанктің Қазақстандағы еншілес компаниясына қарсы енгізілген санкцияларды алып тастайтынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kzThe Wall Street Journal-ға сілтеме жасап.
Bereke Bank-ті "Бәйтерек" Ұлттық холдингі толығымен сатып алғандықтан, АҚШ оны санкциялар тізімінен шығарды.
Ұйымға қарсы шектеулер 6 наурыздан бастап күшін жояды
Естеріңізге сала кетейік, АҚШ Украинадағы соғыстан кейін Сбербанктің Қазақстандағы еншілерс компаниясыа қарсы санкциялар енгізді. 2022 жылғы 1 қыркүйекте "Бәйтерек" Ұлттық холдингі еншілес банктің барлық акциялар пакетін сатып алып, кредиттік ұйымды Bereke Bank деп қайта атау арқылы ребрендинг өткізу жоспарлары туралы хабарлады.
Сонымен қатар, АҚШ Қаржы министрлігі өкілінің айтуынша, "Бәйтерек" басшысы Қанат Шарлапаев ведомствоға санкцияларды алып тастау туралы өтініш жолдаған. 18 қарашада ол ресми түрде Ресей азаматтығынан шықты.