×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

«Кімнің дос екенін соғыста білдік» – Украина саясаткері Арестович Қазақстан жайлы

08.02.2023, 09:06
«Кімнің дос екенін соғыста білдік» – Украина саясаткері Арестович Қазақстан жайлы
Фото: Ашық дереккөзден

Украинаның саяси және әскери сарапшысы Алексей Арестович соғыс кезінде көмек қолын созған Қазақстанға алғысын білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Қазақстанның көмегін көріп-біліп отырмыз. Назарын да. Украинаның қайғысына ортақтасқан, көмектескен қазақ халқын қолдағым келеді. Волонтерлік қозғалыстар, гуманитарлық көмек, босқындарымызды қабылдау деңгейінде, қазақ басшылығының ортақ дауыс берудегі ерекше ұстанымы деңгейінде қолдауды көріп отырмыз. Бәрін! Бұл соғыста кімнің дос, кімнің қас екенін білдік. Қазақстан Украина тағдырына бей-жай қараған жоқ. Ең бастысы – сол! Зор алғыспен иіліп тұрып рахметімізді айтамыз», - деді Алексей Арестович Арманжан Байтасовқа берген сұхбатында.

Айта кетсек, Алексей Арестович Украина президенті кеңсесінің штаттан тыс кеңесшісі. Соғыс жайлы пікірін жиі айтады.

Украина мен Ресей арасындағы соғыстың басталғанына 1 жылға жуық уақыт өтті.