Астанадан түскен олардың қатарында марафоншы Марат Жыланбаев, бүрынғы депутат Тәңірберген Бердоңғар пен алаштанушы Сұлтан Хан Аққұлы бар, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Кандидаттардың құжаттары №1 округтік сайлау комиссиясында қаралып, Мәжіліс депутаттығына кандидаттар болып тіркелді. Олар:
Бердоңғар Тәңірберген Маратұлы – 1976 жылы туған, «Bauyrlas.kz» ҚБ төрағасы;
Байменова Гүлжамал Пердебайқызы - 1966 жылы туған, No70 мектеп-лицейінің директоры;
Жүсіп Сұлтан хан Аққұлы – 1962 жылы туған, Гумилев атындағы ЕҰУ «Алаш» ғылыми-зерттеу институтының директоры;
Жыланбаев Марат Төлегенұлы - 1963 жылы туған, «Жыланбаев» АЖ директоры;
Қайсаров Уәлихан Әбішұлы – 1965 жылы туған, «Кенесары хан» қорының президенті;
Мағұлов Манас Бадыханұлы - 1955 жылы туған, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Мемлекеттік әскери-тарихи мұражайының ғылыми қызметкері;
Молдахмет Бауыржан Мұратұлы – 1985 жылы туған, «Виржиния» ЖШС директоры;
Мұратия Бақдәулет Орынбасарұлы – 1993 жылы туған, Қонаев атындағы колледждің оқытушысы, «Таза Ауа» қоршаған ортаны, денсаулықты және адам генофондын қорғау экологиялық орталығының төрағасы;
Смағұлов Қайрат Боранбайұлы – 1986 жылы туған, «Заң диктатурасы» ЖШС директоры;
Шәмші Жұмамұрат Кеңесұлы – 1977 жылы туған, «Мәдениет» журналының журналисі.
Еске сала кетейік, Мәжіліс сайлауы осы жылдың 19 наурызында өтеді.