×
488.37
559.77
6.64
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
488.37
559.77
6.64

Маңғыстау облысында ниқаб киген 15 адам жауапкершілікке тартылды

Бүгін, 11:35
Маңғыстау облысында ниқаб киген 15 адам жауапкершілікке тартылды
Фото: envato.com

Маңғыстау облысында бет-әлпетті жасыратын киім кигені үшін 15 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Lada.kz жазуынша, аймақта заң талаптарын бұзғандарды анықтау үшін профилактикалық және рейдтік шаралар жүргізіліп жатыр. Жаңа ережеге сәйкес, адамның жүзін толық немесе жартылай жауып, оны тануға мүмкіндік бермейтін киім киюге тыйым салынған.

Бірақ кей жағдайларда бұл тыйым қолданылмайды. Мысалы,  ауа райына байланысты (суық, жел, т.б.), медициналық себептер болса, қызметтік міндет атқару кезінде, порттық немесе мәдени шараларға қатысқанда бетті жабуға болады.

Бұл ереже Қазақстанның Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 434-3-бабымен реттеледі.

Егер адам бірінші рет бұзса, ескерту беріледі. Бір жыл ішінде қайта бұзса, 10 АЕК көлемінде айыппұл салынады (43 250 теңге).

«Тиісті заңнамалық өзгерістер күшіне енген сәттен бастап Маңғыстау облысында осы бап бойынша 15 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – деп хабарлады Ішкі істер министрлігі.