×
488.37
559.77
6.64
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
488.37
559.77
6.64

ҰБТ бейнежазбасы тексеріліп, бір талапкердің ұпайы жойылды

Бүгін, 16:22
ҰБТ бейнежазбасы тексеріліп, бір талапкердің ұпайы жойылды
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Қазақстанда ҰБТ ұйымдастырушылары бейнежазбаларды тексеру нәтижесінде бір қатысушының нәтижесін жойған, деп хабаралайды ulysmedia.kz.

Толығырақ

Ғылым және жоғары білім министрлігінің хабарлауынша, 10 мамырда басталған негізгі ҰБТ-ның алты аптасында 624 ереже бұзушылық анықталды. 385 талапкер смартфондарды, смарт көзілдіріктерді, микро құлаққаптарды, шпаргалкаларды және басқа да тыйым салынған заттарды алып кірмек болғаны үшін тестілеуден шеттетілді. Тағы 238 адам тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан шығарылды, олардың нәтижелері жойылды. Бейнежазбаларды тексеруден соң ереже бұзған 1 адамның нәтижесі жойылды. Өзге адамдардың орнына кіру фактілері анықталған жоқ.

“2026 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін бейнежазбаларға талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда ҰБТ нәтижелері жойылады”, – делінген хабарламада.

Контекст

Естеріңізге сала кетсек, 240 мыңға жуық талапкер тестілеуге қатысуға екі мүмкіндікті есепке алғанда 446 мыңнан астам өтініш берген. Талапкерлердің 72%-ы тестілеуді қазақ тілінде, 28%-ы орыс тілінде және 469 рет ағылшын тілінде тапсырды.

Алтыншы аптаның қорытындысы бойынша талапкерлердің 68%-ы шекті балл жинады. Бес пән бойынша орташа балл 64 балды құрады. Ең жоғары нәтиже – 140 балл, оны Павлодар облысының түлегі Әсет Альтаир жинады.