×
488.37
559.77
6.64
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
488.37
559.77
6.64

Алматыда автобус жүргізушісі жол үстінде қайтыс болды

Бүгін, 18:33
Алматыда автобус жүргізушісі жол үстінде қайтыс болды
ашық дереккөз

Алматыда автобус жүргізушісінің денсаулығы жол үстінде күрт нашарлап, ол көлік тізгініне ие бола алмай, жол апатына ұшыраған. Жүргізуші оқиғадан кейін көз жұмды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Толығырақ

Алматы қаласының Жетісу ауданында қоғамдық көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, №131 бағыттағы автобус жүргізушісі Жангелдин көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, Mercedes және Toyota маркалы автокөліктерімен соқтығысқан.
 

“Бастапқы деректер бойынша, қозғалыс барысында автобус жүргізушісінің денсаулығы күрт нашарлап, салдарынан ол көлік құралын басқаруды толық бақылауда ұстай алмаған. Өкінішке орай, жүргізуші оқиға орнында көз жұмды”, – делінген Алматы қаласы полиция департаментінің хабарламасында. 

Аталған факті бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері жан-жақты тексеру барысында анықталатын болады.

Контекст

Айта кетейік, бүгін Алматыда үш адамның өмірін қиған Zeekr жүргізушісіне сот үкімі шықты.