×
486.19
554.26
6.51
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
486.19
554.26
6.51

Алматы-Қорғас тас жолында Haval мен Audi соқтығысып, 3 адам қаза тапты

Бүгін, 12:31
Алматы-Қорғас  тас жолында Haval мен Audi соқтығысып, 3 адам қаза тапты
Shutterstock

23 маусымында Алматы – Шелек – Қорғас автожолының 132-шақырымында болған жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша полиция қызметкерлері қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, Haval автокөлігінің жүргізушісі қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетіп, Audi 100 автокөлігімен соқтығысқан.
 

“Жол-көлік оқиғасы салдарынан Audi автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы алған дене жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды”, – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттерінің толық кешені жүргізілуде. Кінәлі жүргізуші қамауға алынды. Оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталуда.

Тергеу барысы облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.