×
486.47
554.77
6.26
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
486.47
554.77
6.26

Украина «FP-5 Flamingo» зымырандарымен Ресейдің «Титан-Баррикады» зауытын атқылады

Бүгін, 11:12
Украина «FP-5 Flamingo» зымырандарымен Ресейдің «Титан-Баррикады» зауытын атқылады
АР

Украина «FP-5 Flamingo» зымырандарымен Ресейдің Волгоград облысындағы «Титан-Баррикады» зауытын атқылады, деп хабарлайды Ulysmedia.

Толығырақ

OSINT-сарапшыларының мәліметінше, Титан-Баррикады зауытына Украина «FP-5 Flamingo» зымырандарымен соққы жасаған. Бұл кәсіпорында «Тополь-М» кешеніне арналған зымырандар мен басқа да әскери өнімдер шығарылады. 

OSINT бағалауынша, соққы салдарынан зауыт аумағындағы бірқатар нысандар зақымданған. Алайда бұл мәліметтер тәуелсіз түрде расталған жоқ. 

Волгоград облысының губернаторы Андрей Бочаров өңірдегі «кәсіпорындардың біріне» шабуыл жасалғанын растағанымен, оның нақты қай нысан атаған жоқ. Шабуыл салдарынан 10 адам жарақат алған.

Exilenova+ Telegram-арнасы Волгоградтағы зауытқа соққы жасаған сәт бейнеленген видео жариялады.

Astra Telegram-арнасы видеоны талдап, кадрларда Украинаның алыс қашықтыққа арналған «FP-5 « Flamingo» қанатты зымыраны болуы мүмкін деген қорытындыға келді. 

Бұл болжамды Украинаның Fire Point компаниясының тең құрылтайшысы әрі бас конструкторы Денис Штилерман да растады. Ол X әлеуметтік желісінде зымырандардың ұшырылған сәті түсірілген видеоны жариялап:

– Волгоград Украинадан қоныс аудараған қоқиқаздардың (Flamingo) маусымдық көшін қарсы алып жатыр. Жалғасы болады, – деп жазды.