×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қазақстанның төрт азаматы зілзала кезінде жоғалып кеткен – Түркия елшісі

08.02.2023, 15:16
Қазақстанның төрт азаматы зілзала кезінде жоғалып кеткен – Түркия елшісі
sputniknews.com

Қазақстандағы Түркия елшісі Уфук Екиджи бұл мәліметтер әлеуметтік желіден алынып отырғанын, ресми ақпарат емес екенін ескертті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Елшінің мәліметінше, үш адам Хатай провинциясында, тағы бір адам Аданада жоғалған.

Сондай-ақ, Уфук Екиджи жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек көрсеткісі келген қазақстантандықтарды ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырды.

«Бұл жерде тағы бір маңызды мәселені атап өту керек. Қазақстанда арнайы шот ашылды.  Ол шотқа біздің елшілік жауап береді. Қазір Қазақстан тарабы да арнайы шот ашатыны туралы әңгімелер айтылып жатыр. Сондықтан үлкен өтінішіміз бар. Ақпаратты тек ресми көздерден ғана алсаңыздар екен. Өйткені түрлі адамдар бар, алаяқтық әрекеттер болуы мүмкін. Сондықтан тек ресми ақпаратқа сүйеніп қана шешім қабылдауды сұраймыз», - деді елші Астанадағы елшілікте өткен брифингіде.

Қазақстандағы Түркия елшілігі арқылы үш жерде көмек қабылданып жатыр.

«Біз гуманитарлық көмек қабылдауды жалғастырамыз. Астанаға жеткізілген көмек елшілікке жиналып жатыр. Сондай-ақ, ел аумағындағы өзге де өкілдіктерімізде көмек жинау орындары ашылған. Бұл –  Алматы және Ақтау қалаларындағы бас консулдық тар. Қарапайым адамдардан бөлек Қазақстан Үкіметі де көмек беріп жатыр. Екі ұшақпен іздестіру-құтқару жұмыстарына құтқарушылар жіберілді. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы 1 млн доллар көлемінде шұғыл көмек беру туралы шешім қабылдағанын білеміз», - деді Уфук Екиджи.

Сонымен қатар, Түркия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Түркияның жер сілкінісі болған өлкелеріне 36 мемлекет 4 мыңнан астам құтқарушы жібергенін атап өтті.