×
485.82
554.03
6.24
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
485.82
554.03
6.24

Ерлан Карин жаңа қызметке тағайындалды

Бүгін, 15:22
Ерлан Карин жаңа қызметке тағайындалды
Ақорда

Ерлан Карин Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығында айтылды, деп ха,арлайды ulysmedia.kz

Президент жарлығына сәйкес, Ерлан Карин мемлекеттік кеңесші қызметінен босатылып, президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды.

Ерлан Карин – Ақордадағы тәжірибелі әрі ықпалды шенеуніктердің бірі. Әр жылдары президенттің кеңесшісі және көмекшісі, мемлекеттік хатшы қызметтерін атқарды. Сондай-ақ Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтын және «Қазақстан» телерадиокорпорациясын басқарған.

2022 жылдың маусымынан бері мемлекеттік кеңесші қызметін атқарған Карин парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобына жетекшілік етіп, конституциялық реформа жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары болды.

Контекст

Қазір президент әкімшілігін Роман Скляр басқарады. Бұған дейін бұл қызметті Айбек Дәдебай атқарған. Ол Ақордадан кеткеннен кейін «Әділет» партиясының төрағасы болып сайланған.