×
480.72
548.07
6.14
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
480.72
548.07
6.14

Қазақстанда ең төменгі жалақыны көтеру жоспарланып отыр

Бүгін, 11:20
Қазақстанда ең төменгі жалақыны көтеру жоспарланып отыр
Ulysmedia

Қазақстанда ең төменгі жалақы мөлшерін арттыру мәселесі қаралады. Бұл туралы Үкімет отырысында премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Министрдің айтуынша, президенттің экономикалық өсудің жаңа моделіне көшу жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Үкімет азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған кешенді шараларды жүзеге асырып жатыр.

– Халықтың нақты табысын арттыру – Үкіметтің негізгі басымдығы. Осы мақсатта Ұлттық банкпен және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп 2026-2028 жылдарға арналған Макроэкономикалық тұрақтандыру және халықтың әл-ауқатын арттыру бағдарламасы іске асырылып жатыр. Сонымен қатар биыл халықтың табысын арттыру бойынша жеке бағдарлама қабылданды, – деді Серік Жұманғарин.

Оның айтуынша, алдағы уақытта жалақыны көтеру, сапалы жұмыс орындарын құру, азаматтардың борыштық жүктемесін азайту және кәсіпкерлікті ынталандыру бағытындағы жұмыстар жалғасады.

Сонымен бірге белгілі бір қарсы міндеттемелерді орындау шартымен ең төменгі жалақы мөлшерін, азаматтық қызметшілердің еңбекақысын және жалдамалы қызметкерлердің табысын арттыру мәселесі қаралады.

Үкімет халықтың кредиттік жүктемесін азайтуға және тұтынушылық несиелердің өсуін тежеуге де ерекше назар аударатынын мәлімдеді.

– Басты мақсат – халықтың нақты табысының жыл сайынғы өсімін 2-3 пайыздан жоғары деңгейде қамтамасыз ету. Бұл көрсеткішке экономиканың тұрақты өсімі мен инфляцияны төмендетуге бағытталған шаралар арқылы қол жеткізу жоспарланып отыр, – деді Жұманғарин.

Еске салайық, бұған дейін Demoscope қоғамдық пікірге экспресс-мониторинг жүргізу бюросы жүргізген зерттеу бойынша қазақстандықтардың 70%- дан астамының несиесі бар екенін хабарлаған еді.