×
479.26
546.21
6.13
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
479.26
546.21
6.13

Алматыдағы BRT жолағында жедел жәрдем көлігі бір адамды қағып өлтірді

Бүгін, 12:25
Алматыдағы BRT жолағында жедел жәрдем көлігі бір адамды қағып өлтірді
Известия / Дмитрий Коротаев

Алматыда кеше, 2026 жылғы 1 шілде күні кешке Райымбек даңғылында жедел жәрдем көлігі мен электрлі велосипед соқтығысты. Апат салдарынан жас жігіт оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ

Жол апаты қазіргі уақытта BRT желісі салынып жатқан Райымбек даңғылының учаскесінде болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, жедел жәрдем көлігі арнайы жарық сигналдарын қосып келе жатқан. Сол сәтте ол электрлі велосипедпен соқтығысқан.

Соққының салдарынан велосипед жедел жәрдем көлігінің астына кіріп кеткен. Ал электрлі велосипедтің жүргізушісі алдыңғы әйнекке соғылған.  Ол алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысында болған жантүршігерлік жол апаты болған. Оқиға салдарынан бір әулеттің бес баласы бір күнде қаза тапты. Дәрігерлер ауыр жарақат алған алтыншы баланың жағдайы ауыр екенін айтты.