×
479.26
546.21
6.13
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
479.26
546.21
6.13

Қазақстанда көктемгі шақыру кезінде 21 мыңнан астам азамат әскерге аттанды

Бүгін, 14:05
Қазақстанда көктемгі шақыру кезінде 21 мыңнан астам азамат әскерге аттанды
Қорғаныс министрлігі

Қазақстанда көктемгі әскерге шақыру науқаны аяқталып, Қарулы күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға 18-27 жас аралығындағы 21 мыңнан астам азамат қабылданды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, олардың 11 мыңнан астамы Қарулы күштерде мерзімді әскери қызмет етеді. Сондай-ақ 7 мыңнан астам жас ІІМ Ұлттық ұланына, 2 мыңға жуығы ҰҚК Шекара қызметіне, 400-ге тарта азамат Төтенше жағдайлар министрлігіне, ал 300 адам Мемлекеттік күзет қызметіне жіберілді.

– Әскерге шақыру туралы хабарламалар азаматтарға SMS және eGov порталындағы жеке кабинеті арқылы жолданған. Ал шақыруды кейінге қалдыру және әскери қызметтен босату рәсімдері автоматты түрде жүргізілді, – делінген хабарламада.

Министрлік шақыру науқаны кезінде азаматтар мен олардың ата-аналарына ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілгенін хабарлады.

ӘСКЕРГЕ БАРҒАНДА БЕРІЛЕТІН МҮМКІНДІКТЕР

Ведомствоның мәліметінше, мерзімді әскери қызмет сарбаздарға еңбек нарығында сұранысқа ие жұмысшы мамандықтарын игеруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар әскери қызмет кезінде несие төлемдерін кейінге шегеру қарастырылған. Қызметін үздік аяқтаған сарбаздар жоғары оқу орындарына мемлекеттік білім грантымен түсе алады, ал қалғандары ҰБТ тапсырмай-ақ ақылы бөлімге қабылдану мүмкіндігіне ие.