×
479.26
546.21
6.13
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
479.26
546.21
6.13

Түркістандағы жантүршігерлік жол апаты: полиция капитаны қызмет барысында көз жұмды

Бүгін, 16:01
Түркістандағы жантүршігерлік жол апаты: полиция капитаны қызмет барысында көз жұмды
Instagram/Ержан Сәденов

Түркістанда түнде жантүршігерлік жол апаты болды. Оқиға салдарынан патрульдік полиция батальонының аға инспекторы, полиция капитаны Бауыржан Қонысбеков қаза тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ

Оқиға орнынан тараған видеолардан соқтығыстың өте қатты болғанын байқауға болады. Жол қиылысында кемінде екі полиция көлігі қатты бүлінген. Әсіресе, олардың бірінің алдыңғы бөлігі адам танымастай мыжылып қалған.

Әлеуметтік желілерде апатқа қатысты әртүрлі болжам айтылып жатыр. Желі қолданушыларының бір бөлігі көліктердің бірі сағатына 180 шақырымға дейін жылдамдықпен жүргенін айтқан.

МИНИСТР НЕ ДЕЙДІ?

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов полицейдің қаза тапқанын растап, марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

– Қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан Түркістан қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының аға инспекторы, полиция капитаны Бауыржан Қонысбековтың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Ішкі істер министрлігі марқұмның отбасына жан-жақты қолдау көрсетеді, – деп жазды министр.

Қазіргі уақытта жол апатының нақты қалай болғаны және оған кімнің кінәлі екені әзірше белгісіз. Ulysmedia.kz редакциясы бұл мәселеге қатысты Түркістан облысының полиция департаментіне ресми сауал жолдады.