×
447.89
476.78
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.89
476.78
4.79

Ulysmedia.kz кеңсесіне біреулер мал еті мен бас редактордың балаларының суреті салынған қорап жіберген

08.02.2023, 18:08
Фото: Ulysmedia.kz

Ulysmedia.kz порталының бас редакторы Самал Ибраева бұл туралы әлеуметтік желіде жазды.

Самал Ибраева редакцияға полиция қызметкерлері шақырылғанын, қораптан саусақ іздері алынғанын хабарлады.

«Бүгін де күнімнің жартысы полицейлермен сөйлесумен өтті. Тәртіп сақшыларымен сөйлескенде өзіңді мұғалім сезінесің – оларға сервердің не екенін, сайттың қалай жұмыс істейтінін, ақпарат қалай жарияланатынын түсіндіріп отыруың керек. Бүгін редакцияға малдың ішқұрылысы мен менің отбасылық суретім салынған қорап келіп жетті. Үрейлі кибершабуыл емес – мағынасы бар «сыйлыққа» ұқсайды».

Полиция офицерлері назарға алып, іске кәсіби тұрғыда кіріскенін көрсетіп бақты – менің түсіндірмемнен бөлек (арызды қазір солай атайды) малдың ішқұрылысы салынған контейнерден саусақ іздерін алды. Қорқынышты, үрейді, көңілдегі уайымды бірден жасыруға тура келеді. Айғайлағым-аққ келген! Дәл қазір бірақ олай етуге қақым жоқтығын білемін. Қызығы, бұл жаңа қылмыстық іс бола ма, әлде бұған дейін сайтқа шабуыл жасап, менің балаларымның суретін жариялағандардың ісімен біріктіре ме? Маған сол кезде көп адам көмектеуге уәде берген. Тіпті ақпарат министрі қоңырау шалған. Менің түсінбейтінім – бізге көмектескілері келе ме, жоқ па? Президент Тоқаев мәселені назарға алған кезде – Бажкеноваға шошқаның басын салғандар, Ерғалиеваның кеңсесінің терезесін шаққандар, Егеубаеваның көлігін өртегендер, Борейконың есігіне келгендер табылар деген үміт болған. Сол бір қаскөйлердің әрекеті де қызық. Не қалайтынын айтпайды – президент пен полициядан қорықпайды. Бәлкім, бұлар біздің елдегі еркін ой керек емес деп шешкен бөгде планеталықтар шығар – Динара Егеубаеваның ұлының артынан тапаншамен жүгіріп жүргендер де, менің балаларымның фотосуретін малдың ішқұрылысымен араластырып салып жібергендер де солар ма екен? Не қалайды? Қорқытқысы келе ме? БАҚ-ты жапқысы бар ма? Мүмкін күндердің күнінде осы сұрақтың бәріне біреу жауап беретін шығар? Қазір бізде сайлау алды кезең. Жұмыс көп. Ал мұнда сыпайы полицейлер де кім менен не қалайтынын түсінбей дал», - дейді Ulysmedia.kz бас редакторы.

Ибраева бұл әрекетті редакцияны қорқыту деп бағалайды. Құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғады. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетсек, бұл Қазақстанда журналистерге жасалған шабуылдардың алғашқысы емес. 10 және 13 қаңтар күндері белгісіз біреулер elmedia.kz сайты редакциясы кеңсесінің терезелерін сындырып кеткен болатын. Бұл алты айдағы алтыншы шабуыл ретінде тіркелді. Редакция жетекшісі Гүлжан Ерғалиева Ішкі істер министрінен жағдайды бақылауға алуды талап етті. Президент Тоқаев оқиғаға жауап беріп, шабуылдарды мұқият тексеруді тапсырды.

13 қаңтарда белгісіз біреулер белгілі блогер Динара Егеубаеваның көлігін өртеп жіберген. Жыл басында ол «Алтыншы Қаңтар» блогын құру туралы хабарлап, бір мандатты округтер бойынша Мәжілістің мерзімінен бұрын сайлауына қатысуға дайын екенін жеткізген.

Алматы полициясы өрт қойды деген күдікпен кәмелетке толмаған бес жасөспірімді ұстады. Олар, сондай-ақ El Media-ға шабуыл жасады деген күдікке ілінді. Тәртіп сақшылары жеткіншектердің интернет арқылы «тапсырыс» алғанын хабарлады.

Өткен жылдың қазан айында Orda.kz ақпараттық порталының редакциясына бас редактор Гүлнәр Бәжкенованың суреті мен шошқаның басы салынған пакет барған. Онда әдейі жыртылған фото жануардың аузына салынған. Бажкенованың өзі бұған Назарбаевтар отбасы мен тұңғыш президент туралы жарияланымдары себеп болғанын мәлімдеді.

18 қаңтарда шабуылдаушылар Ulysmedia.kz сайтын бұзып, бас редактор Самал Ибраева мен оның отбасының жеке деректерін жариялады. Сайт басшысы полицияға арыз жазып, қылмыстық іс қозғалды.

19 қаңтарда журналист және Hyperborey YouTube арнасының авторы Вадим Борейко пәтерінің есігін белгісіз біреулер құрылыс көбігімен жауып тастағаны жайында хабар тарады. Журналистің айтуынша, олар есікті жауып, кейін оны өртеп жібермек болған.

Айта кетейік, 2022 жылдың жазынан бастап Ulysmedia.kz сайты бірнеше рет DDoS шабуылдарына ұшырады.

Ақпанның 1-і күні 23 дипломатиялық корпустың өкілдері қазақ баспасөзіне, дәлірек айтсақ, белгісіз біреулер жарты жылдан бері қоқан-лоққы көрсетіп, шабуылдармен және кибершабуылдармен БАҚ алаңынан аластауға тырысып жүрген қазақ баспасөзіне араша түсті. Канада елшілігі ұйымдастырған кездесуге Егеубаева, Ибраева және Борейко шақырылды.

6 ақпанда Алматыда Динара Егеубаеваның ұлына тапаншамен шабуыл жасалды.

Серіктес жаңалықтары