×
474.47
541.37
6.08
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.47
541.37
6.08

Үлкен Алматы жағалауы нөсерге төтеп бере алмады: жоба экс-депутат отбасымен байланысты

Бүгін, 13:33
Үлкен Алматы жағалауы нөсерге төтеп бере алмады: жоба экс-депутат отбасымен байланысты
Ulysmedia коллажы

Үлкен Алматы өзенінің жағалауын қайта жаңарту жобасы тағы да сынның астында қалды. Шілде айының алғашқы нөсерінен кейін жағалаудағы гранит қаптамалар жылжып, кей жерлері бүлінген. Бұл жағдай әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

ӘКІМДІК НЕ ДЕЙДІ?

Әлеуметтік желі қолданушылары өзен жағалауындағы гранит қаптаманың арасы ашылып, кей бөліктерінің суға шайылып кеткені түсірілген фотоларды жариялады.

Алматы экология және қоршаған орта басқармасының мәліметінше, 1 шілдеде нөсер жауын мен аптап ыстықтың салдарынан өзендегі су шығыны секундына 8 текше метрге дейін жеткен. Соның салдарынан Торайғыров көшесі маңындағы гранит тақталар жылжыған.

– Бүлінген гранит тақталар жоба аясында төселген жоқ. Олар бұрыннан бар конструкциялар, – деп түсіндірді әкімдік.

Сондай-ақ әкімдік қайта жаңартылып жатқан жағалау әлі пайдалануға берілмегенін, сондықтан нысанға толық жауапкершілік мердігер компанияға жүктелетінін мәлімдеді. Қазір құрылысшылар жылжыған гранит тақталарды анкерлік бекіткіштер арқылы қайта бекітіп жатыр.

ЖОБАНЫ КІМ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫП ЖАТЫР?

Үлкен Алматы өзенінің жағалауын жаңарту жұмыстары басталғалы бері жоба бірнеше рет сынға ұшырады. Тұрғындар құрылыс кезінде көтерілген қалың шаңға, техника шуына және табиғи граниттің орнына сәндік бетонның қолданылуына наразылық білдірген.

Жобаны жүзеге асыруға арналған мемлекеттік келісімшартты 2024 жылдың қыркүйегінде «Павлодар өзен порты» АҚ жеңіп алған.

eGov және ашық дереккөздердегі мәліметтерге сүйенсек, «Павлодар өзен порты» АҚ-ның құрылтайшылары арасында мәжілістің бұрынғы депутаты Мейрам Пішембаевтың отбасы мүшелері бар. Атап айтқанда, компания құрылтайшыларының бірі ретінде оның қызы Долорес Пішембаева көрсетілген

БҰЛ АЛҒАШҚЫ СЫН ЕМЕС

«Павлодар өзен порты» АҚ бұған дейін де Үлкен Алматы өзеніндегі құрылыс жұмыстарына байланысты сынның астында қалған. Құрылыс кезінде көтерілген қалың шаңға тұрғындар бірнеше рет наразылық білдірген. Сол кезде экологиялық талаптарды бұзғаны үшін мердігер компания әкімдік тарапынан жауапкершілікке тартылып, айыппұл төлеген.

Арада көп уақыт өтпей жатып, жоба тағы да дау туғызды. Нысан әлі ресми пайдалануға берілмей жатып-ақ бүліне бастаса, оның ұзақ мерзімге шыдайтынына тұрғындар күмәнмен қарап отыр.