×
472.03
540.29
6.11
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
472.03
540.29
6.11

БҚО-да сот орындаушысы 10 млн теңгеге жуық қаржы жымқырды деген күдікке ілінді

Бүгін, 16:05
БҚО-да сот орындаушысы 10 млн теңгеге жуық қаржы жымқырды деген күдікке ілінді
Pixabay

Батыс Қазақстан облысында жеке сот орындаушысына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұған прокуратураның тексерісі кезінде анықталған заңбұзушылықтар себеп болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Прокуратураның мәліметінше, жеке сот орындаушыларының жұмысы тексерілген кезде бірқатар заңбұзушылық анықталған.

Тексеру барысында сот орындаушылардың бірі атқарушылық істер бойынша түскен ақшаны тиісті тәртіппен аудармағаны белгілі болды.

Ақша өндіріп алушыларға жетпеген

Қадағалау органының мәліметінше, сот орындаушы өндіріп алушыларға 532 мың теңге аудармаған.

Бұдан бөлек, тағы 9,8 млн теңге негізсіз түрде үшінші тұлғаға аударылған.

Бұл сдеректер бойынша жеке сот орындаушысының өкілеттігін асыра пайдалану бабымен соталды тергеу басталды.

Қазір істің мән-жайын тергеу органдары анықтап жатыр.

Прокуратура тергеу барысы ерекше бақылауда екенін хабарлады.