×
472.03
540.29
6.11
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
472.03
540.29
6.11

6 шілдеде Қазақстанда жаңбыр, бұршақ жауып, күн 40 градусқа дейін ысиды

Бүгін, 15:51
6 шілдеде Қазақстанда жаңбыр, бұршақ жауып, күн 40 градусқа дейін ысиды
pixabay

6 шілдеде Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Ел аумағында нөсер жаңбыр, найзағай, бұршақ, екпінді жел күтіледі. Кей өңірлерде күн 40 градусқа дейін ысыса, таулы аймақтарда сел жүруі мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Шығыс Қазақстан облысында нөсер жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауыл тұруы мүмкін. Желдің екпіні секундына 23 метрге дейін жетеді. 

Абай облысында түнде және күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ және қатты жел күтіледі. Желдің екпіні секундына 25 метрге дейін жетуі мүмкін.

Павлодар облысында түнде және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде қатты жауын-шашын, бұршақ және дауыл күтіледі.

Ақмола облысында да жаңбыр, найзағай, қатты жауын-шашын, бұршақ және екпінді жел болжанып отыр. Күндіз елордада бұршақ жаууы мүмкін.

Алматы облысында және Іле Алатауы тауларында күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетуі ықтимал.

Жетісу облысында, Жамбыл және Түркістан облыстарының таулы аудандарында өткінші жаңбыр мен найзағай күтіледі.

Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде бұршақ түсіп, тұман түсуі мүмкін.

Маңғыстау облысында ауа температурасы 38-40 градусқа дейін көтеріледі. Кей жерлерде тұман күтіледі.

Атырау облысында күн 35-38 градусқа дейін ысиды. Сонымен қатар, өңірдің батысында жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін.

Ақтөбе облысында 38 градусқа дейін аптап ыстық болады.

Батыс Қазақстан облысында ауа температурасы 35-36 градусқа дейін көтеріледі. Кей жерлерде найзағай ойнап, жел күшеюі мүмкін.

Өрт қаупі жоғары

Бірқатар өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады. Қауіпті аймақта Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Атырау, Маңғыстау облыстары, сондай-ақ Абай және Жетісу облыстары бар.