×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Теңіз кенішінде жұмысшы қаза тапты

09.02.2023, 10:41
фото: ашық дереккөзден

Теңіз кенішінде болған төтенше жағдай салдарынан бір жұмысшы қаза тапты, тағы бірі жарақат алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оқиға 8 ақпанда болған. «WEST DALA» компаниясына тиесілі «вакуум» цистернасы жарылып, 37 жастағы жұмысшы қаза тауып, 30 жастағы екінші жұмысшы жарақат алды.

Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабының 3-бөлігі («Адам өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау қағидаларын бұзу») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Айта кетейік, «WEST DALA» – мұнай-газ, медицина және басқа да салалардағы өндіріс қалдықтарын жоюмен айналысатын компания.

Серіктес жаңалықтары