×
472.03
540.29
6.11
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
472.03
540.29
6.11

Ақтау жағалауынан Қызыл кітапқа енген итбалықтардың өлекселері табылды

Бүгін, 18:05
Ақтау жағалауынан Қызыл кітапқа енген итбалықтардың өлекселері табылды
Маңғыстау облысының экология департаменті

3 шілдеде Ақтау жағалауынан итбалықтардың өлекселері табылды. Қазір мамандар олардың санын анықтап, неден қырылғанын тексеріп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Маңғыстау облысының экология департаменті мәліметінше, итбалықтардың өлексесі табылғаны туралы ақпарат 3 шілдеде түскен. Осыдан кейін оқиға орнына тиісті қызмет мамандары барған. Бұл туралы Lada.kz басылымы хабарлады. 

Тексеру кезінде экологтар итбалықтар табылған аумақтан теңіз суының сынамасын алды. Ол зертханалық сараптамаға жіберіледі. Мамандар соның нәтижесінде қоршаған ортаның жай-күйін бағалап, жануарлардың жаппай қырылуына не себеп болуы мүмкін екенін анықтамақ.

Қазір жағалауды тексеру жұмыстары жалғасып жатыр. Барлық жұмыс аяқталып, талдау қорытындысы шыққаннан кейін мамандар қосымша ақпарат беруге уәде етті.

Бұл жағдай қайталанып отыр

Каспий итбалығы – Каспий теңізінде тіршілік ететін жалғыз теңіз сүтқоректісі. Бұл жануар Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.