×
472.03
540.29
6.11
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
472.03
540.29
6.11

Алматыда өгей әкесін өлтірген ер адам ұсталды: оқиға орнынан кадрлар тарады

Бүгін, 10:43
Алматыда өгей әкесін өлтірген ер адам ұсталды: оқиға орнынан кадрлар тарады
Видеодан алынған кадр

Алматыда отбасылық жанжал адам өлімімен аяқталды. 7 шілдеге қараған түні Брусиловский көшесіндегі үйдің пәтерінде 34 жастағы ер адам 59 жастағы өгей әкесін пышақтап өлтірген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Пышақ қолданылғаны туралы хабарлама полицияға түнгі сағат үш шамасында түскен.

– Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем бригадасы жетті. Зардап шеккен адамды құтқару мүмкін болмады. 59 жастағы ер адам бірнеше жерден алған пышақ жарақаты мен көп қан жоғалту салдарынан көз жұмды, – деп хабарлады полиция.

КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ

Шабуыл жасаған адам оқиғадан көп ұзамай ұсталды. Ол марқұмның өгей баласы болып шықты.

Алдын ала мәлімет бойынша, отбасылық жанжал кезінде ер адам өгей әкесіне ас үй пышағымен бірнеше рет соққы жасаған. Күдіктінің өзі болған жағдайға анасына қатысты жанжал себеп болғанын айтқан.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.