×
472.03
540.29
6.11
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
472.03
540.29
6.11

Макрон тоқтаған қонақүй маңында Дамаскіде жарылыстар болды

Бүгін, 15:02
Макрон тоқтаған қонақүй маңында Дамаскіде жарылыстар болды
Reuters

Сирия астанасының орталығында Франция президенті Эмманюэль Макрон ресми сапары кезінде тоқтаған Four Seasons қонақүйінің маңында бірнеше жарылыс болды. Кейінгі мәлімет бойынша, кемінде 18 адам зардап шеккен, олардың төртеуі – полиция қызметкері, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

БОМБАЛАР ТЫМ КЕШ ТАБЫЛҒАН

Жарылыстар болған сәтте Франция басшысы Сирия президенті Ахмад аш-Шараамен кездесуге президент сарайына бет алған.

Франция президентінің әкімшілігі – Елисей сарайы Макронның қауіпсіз жерде екенін және сапар бағдарламасы өзгермегенін хабарлады.

Сирия билігінің мәліметінше, қонақүй маңында қолдан жасалған жарылғыш құрылғылар іске қосылған. Қауіпсіздік қызметі бомбалардың бір бөлігін жарылысқа дейін анықтағанымен, саперлер оларды залалсыздандырып үлгермеген.

Жарылыстардан кейін аудан қоршауға алынып, көлік қозғалысы шектелді. Оқиға орнында жедел қызметтер жұмыс істеп жатыр.

Әзірге ешбір топ бұл шабуылға жауапкершілікті өз мойнына алған жоқ.

КОНТЕКСТ

Эмманюэль Макрон 2024 жылы Башар Асад билігі құлатылып, Сирияда билік ауысқаннан кейін бұл елге барған Еуропалық одақ елдерінің алғашқы көшбасшысы болды.

Оның сапары қауіпсіздік мәселелеріне, елді қалпына келтіруге және экономикалық ынтымақтастыққа арналған.

Бұл – кейінгі Эмманюэль Макронкүндері Дамаскіде болған екінші ірі жарылыс.

Өткен аптада Әділет сарайының маңындағы дәмханада болған теракт салдарынан тоғыз адам қаза тауып, тағы 20-ға жуық адам жараланған.