×
471.04
538.54
6.17
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
471.04
538.54
6.17

Президент әкімшілігіндегі шенеунік Халық Кеңесі хатшылығын басқарды

Бүгін, 10:35
Президент әкімшілігіндегі шенеунік Халық Кеңесі хатшылығын басқарды
Ақорда

Президент жарлығымен Қанатбек Жайсанбаев Қазақстан Халық Кеңесі төрағасының орынбасары болып тағайындалып, бір мезгілде осы органның хатшысы қызметін атқаратын болды,  деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Осыған дейін Қанатбек Жайсанбаев Президент Әкімшілігіндегі өтініштерді қарауды бақылау бөлімін басқарған. Жаңа қызметке тағайындалуына байланысты ол бұл лауазымнан босатылды.

ҚАНАТБЕК ЖАЙСАНБАЕВ КІМ?

Ол мемлекеттік қызметте 20 жылдан астам уақыт еңбек етіп келеді. Еңбек жолын құқық пәнінің оқытушысы ретінде бастаған. Кейін сот жүйесінде, Қызылорда облысы әкімінің аппаратында, Төтенше жағдайлар министрлігінде және Президент Әкімшілігінде қызмет атқарған.

2022 жылдан бері Ақордада азаматтардың өтініштерін қарау бағытын үйлестірген.

КОНТЕКСТ

2 шілдеде президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесін құру туралы жарлыққа қол қойған болатын.

Жаңа консультативтік-өкілдік орган қоғамдық және саяси маңызы бар мәселелерді талқылайтын алаңға айналады деп жоспарланып отыр.

Қазақстан Халық Кеңесінің құрамына 120-дан астам адам кіруі мүмкін. Олардың қатарында депутаттар, қоғам қайраткерлері және этномәдени бірлестіктер өкілдері болуы ықтимал.