×
471.04
538.54
6.17
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
471.04
538.54
6.17

Қазақстан мұнайын тасымалдаған танкер Қара теңізде дрондардың шабуылына ұшырады

Бүгін, 16:20
Қазақстан мұнайын тасымалдаған танкер Қара теңізде дрондардың шабуылына ұшырады
Ulysmedia коллажы

Каспий Құбыр Консорциумы (КҚК) терминалынан мұнай тасымалдаған танкер Новороссийск маңындағы Қара теңізде ұшқышсыз аппараттардың шабуылына ұшырады. Алдын ала ақпарат бойынша, америкалық Chevron компаниясына тиесілі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Reuters агенттігі екі дереккөзге сілтеме жасап хабарлағандай, Yasa Polaris танкеріне КҚК терминалына жақын маңда шабуыл жасалған. Бұл терминал арқылы Қазақстан мұнайының шамамен 80 пайызы экспортқа шығарылады.

Қазіргі таңда кеменің қаншалықты зақымданғаны белгісіз. Түркияда тіркелген танкер 160 мың тоннаға дейін мұнай тасымалдай алады.

Chevron өкілдері агенттікке оқиға туралы хабардар екенін жеткізген. Компания мәліметінше, шабуыл оның жұмыс процесіне немесе экспорттық жеткізілімдеріне әсер етпеген. Экипаж мүшелері қауіпсіз жағдайда, ал танкер қауіпсіз портқа бағытталған.

БҰҒАН ДЕЙІНГІ ШАБУЫЛДАР

Бұл Қазақстан мұнайын Қара теңіз арқылы тасымалдайтын танкерлерге жасалған алғашқы шабуыл емес. Қаңтар айында дрондар екі кемені зақымдаған. Оның бірі Chevron компаниясы жалдаған танкер болса, екіншісі ҚазМұнайГаз еншілес компаниясына тиесілі болған.