×
467.98
533.87
6.11
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
467.98
533.87
6.11

Түркістанда 13 жастағы қыз TikTok арқылы танысқан жігіттен жүкті болып қалған

Бүгін, 11:40
Түркістанда 13 жастағы қыз TikTok арқылы танысқан жігіттен жүкті болып қалған
depositphotos

Түркістан облысында 13 жастағы қыздың TikTok арқылы танысқан 22 жастағы жігіттен жүкті болғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Бұл туралы әлеуметтік желіде қоғам белсендісі Ләззат Рақышева хабарлады. Оның айтуынша, жасөспірім қыз әлеуметтік желі арқылы 22 жастағы жігітпен танысқан. Ер адам әуелі оның сеніміне кіріп, жақын араласқан. Кейін қызды «егер менімен кездеспесең, сен туралы бәріне айтамын, сені жаман атпен таратамын» деп қорқытып, екі рет зорлағаны айтылған.

Қазір жасөспірім қыздың жүкті екені, құрсағында бір айлық сәби бар екені айтылды.

Әлеуметтік желідегі жазба авторы ата-аналарды балалардың интернеттегі қарым-қатынасына, кіммен сөйлесетініне және қайда баратынына мұқият болуға үндеді.

– Ендігі сұрақ: бұл жағдайда баланың өмірін сақтап қалу керек пе?  13 жастағы ана аман-сау туа ала ма? Туған жағдайда баланы қалай тәрбиелеп, өсіріп жеткізеді? Зорлықтан туған баланы жанына жақын қабылдай ала ма? Бала зорлығына кешіріммен қарай беретін қоғамда бала зорлығы тоқтамайды. Осыған анық көзім жетті. Бала зорлап, ақшамен істі жаба салғандарды сырттай көріп басқалары да дәл солай әрекет ете бастайды. Балаларға зорлық көрсеткендерге қатаң жаза қолданбайынша мұндай бассыздық бола береді, өкінішке қарай, – деп жазды Рақышева.

РЕДАКЦИЯДАН

Ulysmedia.kz тілшісі Түркістан облысы полиция департаментіне аталған жағдайға қатысты ресми сауал жолдады. Алайда ведомство өкілдері материал жарияланғанға дейін ресми жауап бермеді.