Орталық сайлау комиссиясына Құрылтай сайлауына байланысты қоғамдық пікірге сауал жүргізу және exit poll өткізу туралы 5 заңды тұлғадан хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
ОСК мәліметінше, ұйымдар сауалнама жүргізу әдістері мен тиісті құжаттардың көшірмелерін ұсынған.
Сауалнама өткізуді жоспарлаған ұйымдар:
Заңнамаға сәйкес, бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн-платформалар сайлауға байланысты қоғамдық пікір сауалдарының нәтижелерін жариялаған кезде зерттеу жүргізген ұйымды, тапсырыс берушіні, сауалнама уақытын, ақпарат жинау әдісін, сұрақтың нақты тұжырымын, қатысушылар санын және қателік коэффициентін көрсетуге тиіс.
КІМДЕР САУАЛНАМА ЖҮРГІЗЕ АЛАДЫ?
Қоғамдық пікірге сауал жүргізуге Қазақстан заңнамасына сәйкес тіркелген және бұл бағытта кемінде бес жыл тәжірибесі бар заңды тұлғалар ғана құқылы. Олар Орталық сайлау комиссиясына алдын ала хабарлама жіберіп, сауалнамаға қатысатын мамандар, зерттеу жүргізілетін өңірлер және қолданылатын әдістер туралы ақпарат ұсынуы керек.
Сонымен қатар дауыс беру күніне дейінгі соңғы бес күн ішінде және сайлау күні қоғамдық пікір сауалдарының нәтижелерін, сайлауға қатысты зерттеулер мен кандидаттар немесе саяси партияларды қолдау көрсеткіштерінің болжамдарын жариялауға тыйым салынады.
Сайлау күні дауыс беру орындарында қоғамдық пікірге сауалнама жүргізуге болмайды. Бұл талаптарды бұзу әкімшілік жауапкершілікке әкелуі мүмкін.