×
467.98
533.87
6.11
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
467.98
533.87
6.11

Джеки Чан Алматыға келді

Бүгін, 15:01
Джеки Чан Алматыға келді
Мәдениет және ақпарат министрлігі

Әлемге әйгілі актер Джеки Чан Алматыға келіп, Armour of God: Ultimatum («Доспехи бога: Ультиматум») халықаралық көркем фильмінің түсірілімін бастады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Актер Алматының жас суретшілерімен және Темірбек Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының түлектерімен кездесіп, шығармашылық жолда табыс тіледі. Кездесу соңында балалар оған өз қолымен салған портреттерін сыйға тартты.

ФИЛЬМ ТУРАЛЫ

Фильмді қазақстандық Sәlem Entertainment пен гонконгтық Billion Target компаниялары бірлесіп түсіреді.

Түсірілім жұмыстары 2026 жылдың шілде-қазан айлары аралығында Алматыда, Алматы және Маңғыстау облыстарында өтеді. Қоюшы режиссері – қазақстандық Роберт Кун. Картина халықаралық прокатқа шығарылады.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин әлемге әйгілі актер, режиссер, продюсер Джеки Чанмен бейресми форматта пікір алмасып, құрмет белгісі ретінде оған қазақтың ұлттық шапанын жауып, тақия сыйға тартқан еді.