×
467.98
533.87
6.11
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
467.98
533.87
6.11

Қазақстандағы ең арзан баспана қай қалада

Бүгін, 15:46
Қазақстандағы ең арзан баспана қай қалада
Ulysmedia коллажы

Ұлттық статистика бюросы елімізде баспана сатып алу мен жалға алу ең қымбат және ең арзан қалаларды анықтады. Ең қымбат және ең арзан қалалар арасындағы баға айырмашылығы екі еседен асады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

БАСТАПҚЫ НАРЫҚ

Ұлттық статистика бюросының маусым айындағы мәліметіне қарағанда, елімізде жаңа тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің орташа бағасы – 617,5 мың теңге.

Ең қымбат жаңа пәтерлер Астанада сатылып жатыр. Мұнда 1 шаршы метрдің бағасы – 739 мың теңге. Екінші орында Алматы – шамамен 726 мың теңге.

Ал ең арзан жаңа тұрғын үй Оралда тіркелді. Мұнда 1 шаршы метрдің бағасы – небәрі 327 мың теңге, яғни мегаполистермен салыстырғанда екі еседен де арзан.

Сондай-ақ жаңа баспананың бағасы төмен қалалар қатарына:

  • Ақтөбе – 356,4 мың теңге;
  • Көкшетау – 370,1 мың теңге;
  • Қызылорда – 392,3 мың теңге кірді.

ҚАЙТАЛАМА НАРЫҚ

Қайталама тұрғын үй нарығында Алматы Астананы басып озды. Оңтүстік мегаполисте ескі тұрғын үйдің 1 шаршы метрі 749,5 мың теңге болса, Астанада – 727,3 мың теңге. Бұл – елдегі ең жоғары көрсеткіштер.

Қазақстан бойынша қайталама нарықтағы тұрғын үйдің орташа бағасы – 629,6 мың теңге.

Ең арзан қайталама тұрғын үй Қызылордада тіркелді. Мұнда 1 шаршы метрдің бағасы – 342,7 мың теңге.

Сондай-ақ төмен баға:

  • Таразда – 351,6 мың теңге;
  • Ақтауда – 360,2 мың теңге;
  • Ақтөбеде – 369 мың теңге.

Сарапшылардың мәліметінше, Ақтөбе, Орал және бірқатар басқа қалаларда қайталама нарықтағы пәтерлердің бағасы жаңа тұрғын үйлерден жоғары. Ал Көкшетау мен Түркістанда жаңа және ескі баспананың бағасы бір-біріне өте жақын.

ПӘТЕРДІ ЖАЛҒА АЛУ

Жалдау бағасы бойынша көш басында Алматы мен Астана тұр.

  • Алматыда 1 шаршы метрді жалдау құны – 5,9 мың теңгеге жуық;
  • Астанада – 5,6 мың теңге.

Ал пәтерді ең арзан жалға алуға болатын қала – Тараз. Мұнда 1 шаршы метрдің орташа жалдау құны 2,5 мың теңгені құрайды.