×
467.41
533.88
6.14
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
467.41
533.88
6.14

Маңғыстау облысындағы ауылда болған атыс елді дүрліктірді

Бүгін, 11:49
Маңғыстау облысындағы ауылда болған атыс елді дүрліктірді
cenzura_aktau

Маңғыстау облысында Ақшұқыр ауылында болған атыстан кейін төрт күдікті ұсталды. Оқиға салдарынан екі жас жігіт жарақат алған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша адам өлтіруге оқталу, бұзақылық, сондай-ақ суық қаруды заңсыз алып жүру және өткізу баптарымен қылмыстық істер қозғалды.

Полицейлер жанжалдың мән-жайын және оған қатысы бар адамдарды анықтаған. Төрт күдікті де ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

– Оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады полиция.

Оқиға 9 шілде күні Ақшұқыр ауылында болған. Атыстан кейін оқ жарақатын алған екі жас жігіт ауруханаға жеткізілді.

Маңғыстау облыстық ауруханасының мәліметінше, зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Оқиға салдарынан қаза тапқандар жоқ.

Еске салайық, бұған дейін Ақтаудағы дәмханалардың бірінде ер адам келушінің бетіне оқ атқан болатын. Полицияның мәліметінше, күдікті «Аңшы сигналы» атты іске қосылатын сигналдық құрылғыны қолданған. Соның салдарынан жәбірленуші бет тұсынан жарақат алды. Аталған факті бойынша бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.