×
467.41
533.88
6.14
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
467.41
533.88
6.14

Гүлнәр Бажкенованың соты денсаулығына байланысты кейінге шегерілді

Бүгін, 12:45
Гүлнәр Бажкенованың соты денсаулығына байланысты кейінге шегерілді
Ulysmedia коллажы

Алматыда Orda.kz сайтының бұрынғы бас редакторы Гүлнәр Бажкеноваға қатысты қылмыстық іс бойынша сот процесі жалғасып жатыр. Оған заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу, көрінеу жалған ақпарат тарату, сондай-ақ сеніп тапсырылған мүлікті иемдену немесе ысырап ету баптары бойынша айып тағылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

9 шілдеде кезекті сот отырысы өтіп, онда Бажкенованың қан қысымы көтеріліп, жағдайы нашарлаған. Алайда ол сот отырысына өзі қатысу үшін тыңдау басталғанға дейін медициналық көмекке жүгінбеуді шешкен.

Сот барысында айыпталушы мүлікті иемдену туралы айыпқа қатысты эпизодтар бойынша жауап берді. Ол редакция жұмысын ұйымдастыру, қаржыландыру көздері және қызметкерлерге еңбекақы төлеу жүйесі туралы айтып берді.

Бажкенова ақша қаражатын иемденді деген айыпты мойындамады. Оның айтуынша, редакцияның қаржылық қоры интернет-жарнамадан түскен табыс есебінен қалыптасқан және бухгалтермен келісім бойынша шетел валютасына айырбасталған.

Ол сондай-ақ жалақы төлеуге жұмсалған қаражаттың бір бөлігі серіктесінің жеке ақшасы есебінен жабылғанын, ал қиын кезеңдерде редакция жұмысына өзі де қаржы салғанын айтты.

Сонымен қатар, сотталушы редакция азаматтық-құқықтық келісімшарттар негізінде штаттан тыс авторлармен жұмыс істегенін мәлімдеді. Сондай-ақ компания қаражаты жылжымайтын мүлік сатып алуға жұмсалды деген айыпты жоққа шығарып, барлық мәміле заңды болғанын айтты.

Сағат 15:00 шамасында Бажкенованың денсаулығы нашарлауына байланысты сот отырысы тоқтатылды. Істі қарау 10 шілде күні сағат 10:00-ге шегерілді.

КОНТЕКСТ

Еске салайық, бұған дейін сот жәбірленушілердің бірі — «OrdaMedia.kz» ЖШС құрылтайшысы Мақсат Ғаниевті тыңдаған болатын.

Ол 2025 жылдың желтоқсанына дейін Бажкенова оны компанияны басқару және қаржы мәселелеріне араластырмағанын айтқан. Оның сөзінше, ол есеп беруді сұрап, аудит жүргізуді талап еткен, алайда әр жолы бас тарту алған.

Ғаниевтің айтуынша, биыл жыл басында ол банк көшірмелерін алған. Құжаттарға сәйкес, компания штаттағы редакция қызметкерінің жеке кәсіпкерлігіне жарнама үшін деген негізбен шамамен 84 млн теңге аударған.

Оның айтуынша, келісімшарттардың бірінде 8 млн теңге көрсетілгенімен, нақты орындалған жұмыстың құны 700 мың теңге болған. Бұл келісімге Бажкенова қол қоймағанын айтқан.

Гүлнар Бажкеноваға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің үш бабы бойынша айып тағылып отыр:

  • 214-бап — заңсыз кәсіпкерлік;

  • 274-бап — көрінеу жалған ақпарат тарату;

  • 189-баптың 4-бөлігі — сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету.