×
467.41
533.88
6.14
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
467.41
533.88
6.14

Атырау әкімінің міндетін атқарған Тілек Махуов ұсталды

Бүгін, 17:58
Атырау әкімінің міндетін атқарған Тілек Махуов ұсталды
gov.kz

Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті Атырау әкімінің міндетін атқарған Тілек Махуовтың ұсталғаны туралы ақпаратқа қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Kozachkov offside Telegram-арнасының мәліметінше, ол 2026 жылғы 4 шілдеде ұсталған. Арна дереккөзі Тілек Махуов «Атырау қаласының кәріз желілерін күрделі жөндеу» жобасына өзгерістер енгізуге мүдделі компаниядан 100 млн теңге алғанын айтқан.

ҰҚК НЕ ДЕЙДІ?

Ал Ұлттық қауіпсіздік комитеті Тілек Махуовқа қатысты тергеу жүріп жатқанын растады.

— Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді, — деп хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

ТІЛЕК МАХУОВ КІМ?

Тілек Махуов 1977 жылы Атырау облысында дүниеге келген. 1999 жылы Атырау мұнай және газ университетін «инженер-механик» мамандығы бойынша, ал 2008 жылы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясын «инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1999 жылы теміржол саласында бастаған. Мемлекеттік қызметке 2003 жылы келген. 2023 жылдан 2024 жылдың мамырына дейін Атырау қаласы әкімінің аппаратында құрылыс бөлімінің басшысы қызметін атқарған. 2024 жылдың мамырынан бастап Атырау қаласы әкімінің орынбасары болды.