Павлодар облысында пара алып, жол апатына қатысты істегі дәлелдерді бұрмалаған полиция қызметкері сотталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Мән-жай
Бас прокуратураның мәліметінше, жол апатына жүргізуші куәлігі жоқ әрі көлік тізгіндеген мас әйел себеп болған.
Әкімшілік іс сотта қаралған кезде оның жүкті екені туралы анықтама ұсынылған. Соның негізінде әкімшілік қамау айыппұлмен алмастырылған.
Кейін прокурорлар медициналық құжаттың жалған екенін анықтады.
Полиция қызметкері қандай жаза алды?
Сот полиция қызметкерін пара алу және дәлелдерді бұрмалау бойынша кінәлі деп таныды. Оған 6,6 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.
Сондай-ақ, оған мемлекеттік қызметте және мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істеуге өмір бойына тыйым салынды. Бұдан бөлек, ол арнайы атағынан айырылды.
Ал пара мемлекет кірісіне тәркіленді.