×
464.71
531.26
6.05
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
464.71
531.26
6.05

Қазақстанда бір тәулікте бірден бес орман өрті тіркелді

Бүгін, 15:16
Қазақстанда бір тәулікте бірден бес орман өрті тіркелді
Экология министрлігі

Қазақстанда бір тәулікте бірден бес орман өрті тіркелді. Өрт ошақтары Қостанай және Павлодар облыстарында, Катонқарағай ұлттық паркінде, «Семей орманы» мемлекеттік орман резерватында және «Жасыл Аймақ» аумағында анықталған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Өрт әуеден бақылау кезінде байқалған. Тілсіз жауды сөндіруге орман күзеті, авиациялық өртсөндірушілер, арнайы техника мен тікұшақ жұмылдырылды.

Бес өрт ошағының бәрі толық сөндірілді.

«Семей орманында» өрт жиі болып жатыр

Билік хабарламасына қарағанда, бұл резерваттағы ормандарда өрт жиі тіркеліп жүр. 5 шілдеде ғана «Семей орманы» аумағында бір тәулікте төрт орман өрті болған. Ол кезде өрттің алдын ала себебі найзағай түсуі деп аталған.

Айта кетейік, синоптиктер алдағы күндері ауа райы құбылмалы болатынын ескертті. 11-13 шілде аралығында елдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батыста бұршақ жауып, жел күшеюі мүмкін.

Соған қарамастан, аптап ыстық басылмайды. Күндіз көп өңірде ауа температурасы +40 градусқа дейін, ал оңтүстік пен оңтүстік-батыста +45 градусқа дейін көтеріледі.

Орман шаруашылығы комитеті табиғат аясында демалған кезде отқа аса сақ болуға шақырды.