Елордада көліктерге арналған техникалық байқау стансасынан өрт шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қалалық ТЖД мәліметінше, өрт елорданың оңтүстік-шығыс шағын ауданы Айнакөл көшесіндегі көлік жөндеу стансасынан (СТО) шыққан.
«9 ақпанда сағат 13:57-де Төтенше жағдайлар департаменті бөлімшесіне өрт туралы хабар жетті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 5 минутта барып, 200 шаршы метр аумақта жеке үйге жақын, техиникалық қызмет көрсету стансасының жанып жатқанын анықтады. ТҚС ішіндегі екі көлік өртеніп кетті. Тілсіз жауды өрт сөндірушілер сағат 14:44-те оқшаулады», - делінген ресми хабарламада.
Өрт сағат 15:25-те сөндірілген. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.