×
477.11
545.58
6.2
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
477.11
545.58
6.2

АҚШ Иранға қарсы теңіз блокадасын қайта енгізбек

Бүгін, 09:11
АҚШ Иранға қарсы теңіз блокадасын қайта енгізбек
Фото: Ашық дереккөзден

Президент Дональд Трамп АҚШ-тың Иранға қарсы теңіз блокадасын қайта енгізетінін және Ормуз бұғазын өз бақылауына алатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.

Толығырақ

АҚШ президенті Дональд Трамптың сөзінше, Америка Ормуз бұғазын бақылауға алып, Иран кемелері мен порттарына блокада жасайды.

– Иранмен бола ма, жоқ әлде Ирансыз бола ма қалай дегенде де Ормуз бұғазы ашық күйінде қала береді. Біз Иранға қарсы теңіз блокадасын қайта енгіземіз. Ол тек Иран кемелеріне және Иранмен сауда жасайтындарға ғана қатысты болады. Ал басқа барлық елдер Ормуз бұғазын еш кедергісіз әрі еркін пайдалана алады, – деп жазды олTruth Social желісінде.

Сондай-ақ Трамп бұдан былай АҚШ «Ормуз бұғазының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге кепіл» болатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, АҚШ кеме қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Алайда ол тегін болмайды. Осы мақсатқа жұмсалған шығынның өтемақысы ретінде бұғаз арқылы тасымалданатын жүк құнының 20 пайызын алуға ниетті.

«Бұл тетік дереу іске қосылады», – деді Трамп. Алайда оның нақты қалай жүзеге асырылатынын түсіндірмеді.

АҚШ әскериінің орталық қолбасшылығы Иранға қарсы теңіз блокадасы сейсенбі күні қайта басталатынын мәлімдеді.

Иран билігі АҚШ-қа Ормуз бұғазын бақылауға алуға жол бермеймінін мәлімдеді. Тегеран егер іс насырға шабатын болса, онда аймақ елдерінің барлығы өртке оранатынын айтып, сес көрсетті