×
468.88
534.1
6.04
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
468.88
534.1
6.04

Ормузды айналып өтудің амалы: АҚШ Ирак-Сирия мұнай құбырын қайтадан қалпына келтірмек

Бүгін, 09:45
Ормузды айналып өтудің амалы: АҚШ Ирак-Сирия мұнай құбырын қайтадан қалпына келтірмек
Фото: Ашық дереккөзден

АҚШ Иранның әлемдік экономикаға ықпалын төмендету үшін Ирак-Сирия мұнай құбырын қайтадан қалпына келтіруді көздеп отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.

Толығырақ

Bloomberg басылымының жазуынша, АҚШ президенті Дональд Трамптың Ирак және Сирия бойынша арнайы өкілі Томас Баррак екі мемлекеттік де ресми тұлғаларымен кездескен.

Бұдан өзге, ұзақ жылдан бері тоқтап тұрған мұнай құбырын қалпына келтірумен айналысуы мүмкін Chevron Corporation компаниясының басшыларымен де келіссөз жүргізген.

Келіссөздерде жаңа мұнай құбырының бірнеше бағыты қарастырылып жатыр. Алайда келіссөздердің негізгі бөлігі жиырма жылдан астам уақыт бойы пайдаланылмаған Ирактың Киркук қаласы менСирияның Банияс портын байланыстыратын мұнай құбырын қалпына келтіруге бағытталған.

Ақ үйдегі кездесу

АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйде Ирак премьер-министрі Әли аз-Зейдимен кездесіп, осы немесе келесі аптада ауқымды мұнай келісімдері туралы жариялайтынын мәлімдеді.

Bloomberg АҚШ пен Иранның бітімге келе алмауы және Ормуз бұғазындағы шиеленістің қайтадан ушығуы тұрақты әрі ұзақ мерзімге арналған балама жол іздеуді талап етіп отыр.

Жаңа экспорттық хаб

Bloomberg  дерегінше, кейінгі апталарда Chevron, TotalEnergies SE, TI Capital және қатарлық UCC Holding компаниялары Сирияның экспорттық хаб ретіндегі рөлін кеңейту мәселесін талқылауға қатысқан.

Алайда Сирия аумағы арқылы мұнай құбырларын өткізу оңайға соқпайды. Құбырлардың ықтимал бағыттары Ирактың батысындағы Анбар провинциясы мен Сирияның шығыс өңірлері арқылы өтеді. Бұл аумақтарда «Ислам мемлекеті» террористік ұйымының жасырын топтары әлі де әрекет етеді.

Бұл жобаға инвестиция салатын тараптар Сирияның жаңа билігінің қантөгіске толы азаматтық соғыстан кейінгі жағдайды тұрақтандыру қабілетіне сенім артуға мәжбүр болады.

Құрсаудағы бұғаз

Бұған дейін Дональд Трмап Иранның теңіз порттарын қайтадан құрсауға алғанын мәлімдеген. Оған қарымта ретінде Тегеран Ормуз бұғазын тағы да бұғаттаған. Тараптар бейбіт келісімге келе алмаған.

Ормуз бұғазы арқылы әлемдік энергетикалық ресурстардың 20 пайызы өтеді.