×
468.88
534.1
6.04
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
468.88
534.1
6.04

Өртелген полиция қызметкері: тергеу, сараптама, адвокат пікірі

Бүгін, 13:37
Өртелген полиция қызметкері: тергеу, сараптама, адвокат пікірі
ulysmedia.kz коллажы

23 маусымда Алматы облысының тауларында 37 жастағы полиция қызметкері Аслан Әлсеровтың өртенген денесі табылды. Бұл жағдай қоғамды дүр сілкіндірді. Қылмыстық іс қозғалып, күдікті ретінде марқұмның жұбайы Арайлым Әлсерова қамауға алынып, оқиға орнында болған үш кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірім үйқамаққа алынды. Ulysmedia бүгін сол жасөспірімдердің адвокаттарымен тілдесті.

«Сараптама қорытындысын күтіп отырмыз»

Ғалым Нұрпейсовтің сөзінше, қорғауындағы жасөспірім марқұм Аслан Әлсеровтың ұлының досы болған. Оқиға болған күні ол сол үйге плейстейшен ойнауға барған.

Қорғаушы ең алғаш полиция жауап алғанда жасөспірімнің қасында адвокат болмаған дейді.

– Сараптама тағайындадық. Қазір онымен психолог маман жұмыс істеп жатыр. Қорытындысын алған кезде белгілі болады. Өйткені мына жерде тергеушілер кәмелетке толмаған балаларға қысым жасап, алдын ала келісім жасаған. Олар кәмелетке толмаған балалар. Ой жоқ. Олар білмейді, жоспарламайды. Ана жерде ерлі-зайыптылардың арасында жанжал болған. Балалар шокта болған. Қылмыстық кодексте бар нәрсе, «эксцесс соучастие» деген. Ол орысша айтқанда, «Не в то время, не в том месте» болған, – дейді Ғалым Нұрпейісов.

Адвокат сараптама қорытындысы шыққаннан кейін жаңадан жауап алуға арызданбақ.

– Психолого-психиатриалық сараптаманың қорытындысын күтіп отырмыз. Сол қорытынды келген соң, біз жаңадан жауап алуға тырысамыз, өтініш береміз, – дейді ол.

Өзге жасөспірімдердің адвокаты Гаухар Сарыева тергеу жүріп жатуына байланысты көп нәрсені айта алмайтынын жеткізді. Бірақ қорғаушы Ғалым Нұрпейісовтың сөздерін қуаттады.

Контекст

Тергеу нұсқасына сәйкес, қайғылы оқиға болған күні полиция қызметкері үйіне кеш қайтқан. Үйде ұстара жүзіне байланысты туған дау жанжалға ұласып, арты төбелеске айналған. Қылмыс Әлсеровтер отбасы тұрған пәтерде болған. Адам өлімінен кейін күдіктілер марқұмның денесін көлікке салып, Алматыдан 300 шақырым қашықтыққа, тауға апарып өртеген.

Алматы облысының Кеген ауданында жанып жатқан адам сүйегін жергілікті бақташы кездейсоқ тауып алған. Ер адам жағдайды видеоға түсіріп, кейін жергілікті полицияға хабар берген.

Егер күдіктілердің кінәсі сотта дәлелденсе, оларға 15 жылдан аса бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін.

Қанды оқиғадан кейін марқұмның жұбайы Арайлым Әлсерованың да бұған дейін полиция саласында еңбек еткені туралы айтылған. Алайда ол биыл ақпанда қызметінен кеткен.

Марқұм Аслан Әлсеровтің бұған дейін отбасында жиі жанжал шығарып, әйеліне бірнеше рет күш көрсеткені жөнінде де ақпарат тараған. Әйелі денесіндегі жарақат іздерін көрсетіп, бірнеше мәртеполицияға жүгінгенімен, бұл бойынша нақты шара қолданылмағаны айтылған.