×
468.88
534.1
6.04
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
468.88
534.1
6.04

Алматыдағы өзендердің бірі мұнай өнімдерімен ластанған

Бүгін, 13:14
Алматыдағы өзендердің бірі мұнай өнімдерімен ластанған
Alexandru Panoiu / Wikimedia Commons, CC BY 2.0

Алматыдағы Есентай өзенінде жүргізілген тексеру барысында мұнай өнімдерінің шекті рұқсат етілген мөлшерден асып кеткені анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

МӘН-ЖАЙ

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы бойынша экология департаментінің басшысы Дінмұхамед Лесбеков мәлімдеді. Оның айтуынша, қазіргі уақытта ластану көзі нақты анықталған жоқ.

— Мамандар Есентай, Үлкен және Кіші Алматы, Ақсай, Басқарасу өзендерінің, сондай-ақ Сайран көлінің жағдайын зерттеді. Зерттеу нәтижесінде мұнай өнімдерінің мөлшері тек Есентай өзенінде ғана шекті деңгейден асқаны анықталды, — деді Лесбеков.

Экологтар су сынамаларымен қатар топырақты да тексерген. Алайда онда зиянды заттардың шекті рұқсат етілген концентрациядан асуы тіркелмеген.

АЛМАТЫДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗАҢБҰЗУШЫЛЫҚТАР

Дінмұхамед Лесбековтің айтуынша, жалпы жыл басынан бері Алматыда 125 экологиялық тексеру жүргізілген. Нәтижесінде 58 заңбұзушылық анықталып, оларды жою бойынша 28 нұсқама берілген және 165 әкімшілік хаттама толтырылған.

— Материалдарды қарау қорытындысы бойынша жалпы сомасы 34 миллион теңгеге жуық 162 әкімшілік айыппұл салынды. Оның 19,5 миллион теңгеден астамы өндірілді, — деді департамент басшысы.

Сонымен қатар Алматыдағы қоршаған ортаның ластану деңгейі ресми мәліметтерден де жоғары болуы мүмкін. Мамыр айында Наурызбай ауданы тұрғындарының көп шағымынан кейін экологтар шұғыл тексеру жүргізіп, қала ауасында адам денсаулығына қауіпті кейбір заттардың мөлшері бірнеше есе артқанын анықтаған.