×
469.71
536.17
6.01
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
469.71
536.17
6.01

ӘЧ: Аргентина соңғы минуттарда Англияны сан соқтырып финалға шықты

Бүгін, 09:01
ӘЧ: Аргентина соңғы минуттарда Англияны сан соқтырып финалға шықты
championat.com

Аргентина құрамасы футболдан әлем чемпионатының жартылай финалында Англияны 2:1 есебімен жеңіп, қатарынан екінші рет финалға жолдама алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

ТОЛЫҒЫРАҚ

Кездесу барысында алғашқы болып есепті Англия ашты. Матчтың 55-минутында Энтони Гордон оң қапталдан жасалған шабуылды нәтижелі аяқтап, командасын алға шығарды.

Бұған дейін бірінші тайм тең дәрежеде өтті. Англия ойынның басында жоғары қарқынмен прессинг ұйымдастырса, кейін бастама біртіндеп аргентиналықтардың қолына көшті. Дегенмен алғашқы 45 минутта екі команда да қақпаға дәл соққы жасай алмады.

Екінші тайм басталғаннан кейін Аргентина қауіпті шабуылдарын үдетті. Лионель Месси мен Хулиан Альварес қатарынан мүмкіндікке ие болғанымен, есеп өзгерген жоқ.

Англияның голынан кейін әлем чемпиондары қарсылас қақпасына қысымды күшейтті. Қақпашы Джордан Пикфорд бірнеше мәрте командасын құтқарғанымен, 85-минутта Энцо Фернандес алыстан дәл соққы жасап, таразы басын теңестірді.

Ал негізгі уақытқа қосылған минуттарда Лионель Месси айып алаңына әуелете пас асырды. Алаңға қосалқы құрамнан шыққан Лаутаро Мартинес баспен дәл соққы жасап, Аргентинаға жеңіс сыйлады.

Осылайша Аргентина әлем чемпионатының финалында Испаниямен кездеседі. Ал Англия қола жүлде үшін Франция құрамасына қарсы ойнайды.

БҰҒАН ДЕЙІН

Бұған дейін Испания құрамасы 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының финалына шықты. Испандар жартылай финалда Францияны 2:0 есебімен жеңіп, алтын жүлде үшін таласуға мүмкіндік алды.