×
472.34
541.25
6.01
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
472.34
541.25
6.01

Ресей миллиардерлері активтерін шетелге шығарып жатыр

Бүгін, 11:44
Ресей миллиардерлері активтерін шетелге шығарып жатыр
Фото: moya-pensiya.com

Ресейдің ең ауқатты азаматтары кейінгі бір жыл ішінде миллиардтаған доллар активтерін шетелге шығарған, деп хабарлайды Ulysmedia.

Толығырақ

Bloomberg  басылымының жазуынша, активтердің тәркіленуі мен мемлекеттік қысым қаупі Ресей элитасы арасында капиталдың қауіпсіздігіне алаңдауды күшейткен. Осыған байланысты Ресейдің ең ауқатты азаматтары, оның ішінде Владимир Путиннің айналасындағы кейбір адамдар кейінгі бір жылда шетелге миллиардтаған доллардың активін шығарған

Bloomberg бірнеше миллиардердің банк секторындағы қосымша активтерін қауіп-қатерге байланысты Ресейден шығарғанын, мұны корпоративтік құжаттар мен мәмілелер растайтынын жазады.

Басылымның бағалауынша, жыл басынан бері Ресейден шетке кеткен капитал көлемі ондаған миллиард долларға жеткен. Бай инвесторлар қаражатын криптовалютаға, алтынға, шетелдік жылжымайтын мүлікке және Парсы шығанағындағы жеке қорларға салған.

Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Bloomberg сауалына жауап бермеген. The Bell басылымы 2024 жылдан бері Ресейде активтерді мемлекет пайдасына алу айтарлықтай күшейген дейді.